СҚО-да облыстық полиция бастығы қала оқушыларымен әңгімелесті
Солтүстік Қазақстан облысының бас полицейі оқушыларға қылмыскерлердің құрбаны болмау және қылмыстық әрекетке жол бермеу жайында айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының мектеп бітіруші сынып оқушыларымен кездесті. Кездесуде қозғалған өзекті мәселелердің бірі жол қауіпсіздігі болды. Облыс жолдарында осы жылы 4 кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тауып, 64 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Жол-көлік апаттарының негізгі себептері – жолдағы балалардың жол ережесіне деген немқұрайлылығы. Жол қозғалысы ережелері жайында электрлі скутерлерді тізгіндеген жасөспірімдерге де жол ережесін есте ұстаған жөн. Қабдұлдинов заңға сәйкес мұндай құралдар көлік құралдарына жатады, сондықтан да, оларды пайдалану ережелері қатаң сақтау қажет.
Бейтаныс адамдарға сенбеу, олармен бірге көлікке отырмау, әрқашан ата-анаңызға қайда және кіммен барғыңыз келетінін жайында хабарлау сияқты қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы да сөз қозғалды. Айдын Қабдұлдинов дабыл түймесін бір рет басу арқылы полицияға қоңырау шалуға мүмкіндік беретін «102» мобильді қосымшасы туралы да еске салды. Цифрлық дәуірде әлеуметтік желілерде жеке ақпаратпен бөліспеу, достарға қосылғысы келетін адамдардың аккаунттарын тексеру сияқты «ғаламтор-тазалығын» сақтау өте маңызды екендігі де тілге тірек болды. Зорлық-зомбылық, алаяқтық, бопсалау бұл ғаламтордағы жеке деректерге ашық қол жетімділікке байланысты тәуекелдер болып саналады.
– Сондай-ақ буллинг тақырыбы да қозғалды. Қорқыту жәбірленушінің ғана емес, кінәлілердің де өмірін бұзады кем дегенде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері болашақта оқуға, жұмысқа түсу кезінде ескеріледі. Айта кетейік, осы жылы кәмелетке толмағандар жасаған бопсалау үшін 3 қылмыстық іс қозғалған. Бұл үшін 13 млн теңгеден астам айыппұл не 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді Айдын Қабдулдинов.
Кәмелетке толмағандар үшін есірткі бизнесіне тарту үлкен қауіпті. Орташа алғанда, есірткі сатуға қатысатын жасөспірімдерді полиция 2-3 ай ұстайды, ал мұндай «бизнестен» өз еркімен кету мүмкін емес. Жауапкершілікті сезінбестен, «оңай ақшаның» соңынан ұмтылған оқушылар мен студенттер темір тордың арғы жағынан бірақ шығып, өмірдің ең жақсы жылдарын қамауда өткізеді.
Кездесу соңында мектеп қонағы 11-сыныпта оқу барысында ІІМ жоғары оқу орындарына түсуге өтініш беруге болатынын еске салды. Мектеп директоры Шегебай Нұрғожин оқушылармен мазмұнды әңгімелескені үшін облыстық полиция бастығына алғысын білдірді. Айдын Қабдулдинов ПД басшылығының балалармен кездесулері алдағы уақытта да өткізілетінін атап өтті.
– Балалардың әл-ауқаты мемлекеттің басымдықтарының бірі, – дейді ол.