Маңғыстау облысында «Мотокөлік» ЖПІШ қорытындысы шығарылды
Маңғыстау облысында «Мотокөлік» ЖПІШ қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мотокөлік жүргізушілерінің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол апаты жағдайларының алдын алу, сондай-ақ автожолдардағы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, электрлі самокат пен мопедтерді басқаратын адамдардың жол жүрісі ережелерін бұзуын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының аумағында 3-7 қазан аралығында «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері 522 мопед жүргізушісін тексеріп, оларға қатысты 208 әкімшілік хаттама жасақтады. Бес күннің ішінде айыптұраққа 95 мотокөлік қойылды.
Маңғыстау облысының ПД мотокөлік иелеріне жолда өте мұқият болу, мотошлемдерді әрдайым пайдалану, ешбір жағдайда жол қауіпсіздігі нормаларын бұзбау, бірінші кезекте жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерін сақтау туралы өтінішпен жүгінеді. Бұл талаптарды елемеу жарақатқа немесе тіпті адам шығынына әкелуі мүмкін.