СҚО-да 9 ай ішінде билік өкілдеріне бағынбаудың 338 фактісі тіркелді
СҚО-да 9 ай ішінде билік өкілдеріне бағынбаудың 338 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Билік өкілінің заңды талабына бағынбау – ауыр құқық бұзушылыққа жатады, ол үшін тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша жауапкершілік тартылады.
Мысалы, облыс аудандарының бірінің 44 жастағы тұрғыны Петропавлдағы ұлына қонаққа барып, мас күйінде отбасылық жанжал шығарған. Үйдегі адамдарының шақыруынан соң келген әкімшілік материал жинау үшін полицейлердің соңынан еруден бас тартты. Енді отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен басқа, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге немесе 15 тәулік әкімшілік қамаққа алуды өтеуге тура келеді.
Ал тәртіп сақшылары Петропавлдағы пәтерлердің біріне 41 жастағы ұлы ұйымдастырған дау-дамайдан қорыққан, әйелдің қоңырауы бойынша келді. Құқық бұзушы сау болып шықты, бірақ ол да полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбады. Бір жылға жетпес уақыт бұрын ол осыған ұқсас жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Бұл жазаның оған сабақ болмағаны анық. Құқық бұзушылықтың қайталануына байланысты оған 20 тәулікке әкімшілік қамауға алыну қаупі төніп тұр.
– Көбінесе мұндай фактілер пәтерлерде, көбінесе ойын-сауық орындарында болады және алкогольді асыра пайдаланумен байланысты. Жыл басынан бері облыста билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаудың 388 фактісі тіркелді, – деді Петропавл қалалық ПБ бастығының міндетін атқарушы Марат Жұмалиев.