Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды
Ақмола облысында жұмысшыны тоқ соғып, мерт болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 қазанда Аршалы ауданының полиция бөліміне аудан кәсіпорындарының бірінің басшысынан нысанда электрик-реттеуші қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы, қайтыс болған 56 жастағы қызметкердің экскаваторды электр қуатынан ажыратпай, 6 мың вольтты электр тоғына түскені белгілі болды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары белгіленіп жатыр.