Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінің психолог маманы сотталғандармен сұхбат жүргізді
Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемесінің психолог маманы сотталғандармен сұхбат жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің психологы Ақгүл Аманова жаза мерзімін өтеп жүрген әйелдермен тренинг жүргізді. Қазіргі таңда мекемеде 13 әйел жазасын өтеп жатыр. Олар абайсызда қылмыс жасап, сот үкімімен 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылған.
Тренинг барысында психолог маман қандай жағдай болсын күйзеліске жағдайларына берілмей, өмірдегі барлық жаңа сынақтардан сүрінбей өтіп, жаңа бір ортаға қалай тез бейімделіп кету, оны жеңуге болатынын айтып, психологиялық кеңес берді. Әйел азаматшалар да белсенділік танытып, өз ойларын ашық айтып, маманға сұрақтарын да қойды.
«Тренинг барысында көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестер алдық Жазамды өтеп жатқаныма бір жылдан асты. Алаяқтық бабымен сотталдым. Бостандықта жүріп қу ақшаның соңынан еріп, ақымақтық жасадым. Отбасым, балаларым бар. Олар да мені асыға күтуде. Кейде күйзеліске де түсіп, мекеме психологына жүгінемін. Әрдайым психологиялық көмек беріп, тығырықтан шығуымызға көмектеседі,-дейді сотталған азаматша.
Біздің басты міндетіміз- жазасын өтеушілердің өмірге деген құлшынысын арттыру. Сотталған арасындағы ахуалды дер кезінде анықтап, оларды ұйымшылдыққа шақыру жұмыстарын да атқарамыз. Түрме қабырғасында жүріп күйзеліске түсіп кететін әйелдер де аз емес. Осындай психо-эмоционалдық қиын жағдайда оларға психологиялық көмек көрсетеміз»,- дейді психолог маман.