Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігін заңдастырамын деген ақмолалық танысына алданып қалды

Көлігін заңдастырамын деген ақмолалық танысына алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қазан күні Қосшы қаласының полиция басқармасына 42 жастағы жергілікті тұрғыннан 21 тамыз Асылхан есімді жігіт оны алдап, 3 млн 300 мың теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденіп алғаны туралы өтініш келіп түсті.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші күдіктімен бір жылға жуық таныс болған. Әрі қарай әңгімелесу кезінде алаяқ сенімді жәбірленушіге шетелдік көліктерді заңдастыруда проблемалары бар адамдарға көмектесетін өзінің танысы туралы айтқан. Сайып келгенде жәбірленуші шетелдік көліктерді заңдастырумен таныстарына көмектескісі келіп, олардың барлық ақшаларын алаяққа аңғалдықпен берген. Ал осы жылдың тамыз айынан бастап жәбірленушінің қоңырауларына алаяқ жауап беруді тоқтатқан.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Қарағанды қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтады, оның осы алаяқтыққа қатысы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру