Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер Чехияға жұмысқа жіберуге уәде берген елордалық тұрғынды ұстады

Жамбылдық полицейлер Чехияға жұмысқа жіберуге уәде берген елордалық тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына 48 жастағы жергілікті тұрғын шағыммен жүгінді. Азаматша интернеттегі алаяқтардың құрбаны болғанын және Instagram әлеуметтік желісінде Чехияға жұмысқа қабылдау туралы жарияланымды көргенін хабарлады. Ол сілтеме бойынша өтіп, оған әлеуетті жұмыс берушілер қоңырау шалып, құжаттар мен жұмысқа рұқсат беру үшін 500 мың теңге төлеу керектігін хабарлаған. Жәбірленуші ақшаны көрсетілген шотқа аударғаннан кейін, байланыса алмаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы ПД “Киберпол” арнайы тобының және Тараз қаласы ПБ 2-ПБ қызметкерлері 27 жастағы елорда тұрғынын анықтап, ұстады.

Ер адам кінәсін толық мойындады, тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру