Жамбыл облысында шетелдік көліктерді заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды
Жамбыл облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген адамға алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы полиция бөліміне екі жәбірленуші шағымданды. Олардың айтуынша, белгілі бір адам оларға шетелдік көлік құралдарын есептен шығару қызметтерін ұсынған, ал олардың өз есебі болған. Жәбірленушілердің көліктері Қазақстан Республикасының аумағына 2023 жылы, яғни рұқсат етілген мерзімнен кейін әкелінген. Күмәнді қызметтері үшін ер адамдар 1,5 млн теңгеден астам ақша төлеген. Олар соңғы сәтке дейін күтіп, алаяқтың айла-амалдарына түспедік деп сенген.
Есептен шығару үшін жалған қызмет беруші олардан көлік құралын тіркеу туралы куәлікті сұраған және дайын құжаттар 2 аптадан кейін келеді деп уәде берген. Нәтижесінде қолма-қол ақша алғаннан кейін, ол уәде етілген жұмысын әр түрлі сылтаулармен кейінге қалдырып және заңдастыру қызметінің аяқталуына қарамастан, машиналарды рәсімдейтініне сендірген.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері өңірдің бұрын сотты болған 33 жастағы жұмыссыз тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кету керек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру Қазақстан Республикасында 2023 жылдың қаңтарында басталып, өтінімдерді қабылдау 1 шілдеде аяқталды.