Тоғыз сағатқа созылған іздеу: Абай облысында жоғалған 68 жастағы ер адам табылды
Абай облысында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар хабар-ошарсыз кеткен 68 жастағы ер адамды іздеу кезінде дрон қолданды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңғы сағат 07:00 шамасында полицияға ер адамның бауыры хабарласып, оның жоғалып кеткенін айтты. Туысының айтуынша, соңғы уақытта ер адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, жүрген жерінде бағдар табуы қиындаған.
Хабар түскен бойда полицейлер мен құтқарушылар іздеуге кірісті. Олар үш топқа бөлініп, әр топ өзіне бекітілген аумақты аралап шықты. Іздеу аумағын кеңейту үшін даланың ашық учаскелерін дронмен әуеден шолды.
Сағат 16:20 шамасында құтқарушылар ер адамды Бұлақ ауылынан шамамен жеті шақырым жердегі ашық даладан тапты. Қазіргі уақытта тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың бірлескен іздеу жұмыстары тоғыз сағаттан астам уақытқа созылды.
