Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген

Ақтөбе облысының тұрғыны сыныптасын алдап, атына несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алға ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын 32 жастағы әйел өзінің бұрынғы сыныптасына көпбалалы отбасы ретінде жеңілдікпен мемлекеттік бағдарлама арқылы қаладан пәтер алуға көмектесе алатынын айтқан. Қалада пәтерсіз жүрген сыныптасы оған сеніп, барлық құжаттары мен жеке деректерін берген.

Нәтижесінде сыныптасының жеке деректерін иеленген ауыл тұрғыны оны атына банктен, бірнеше шағын қаржы ұйымдарынан ақшалай несие және дүкендерден ірі көлемде тауарлық несиелер рәсімдеген. Жәбірленуші бір миллион теңге көлемінде қарыз болғанын өзіне несие төлеу мерзімі өткені туралы хабарламалар келе бастағанда ғана біліп, полицияға арызданды.

Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Ақшаны ол жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру