Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

260 мыңнан астам адам қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгумен күресу бойынша уәкілетті органдарға көмектеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері 260 мыңнан астам адам қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оларға 1,6 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

– 9-16 қазан аралығында қоқыстарды заңсыз төгу фактілерін алдын алу және анықтау мақсатында “Тазалық” апталығы өткізілді. ІІО құзыретіне кірмейтін материалдар құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін экология департаменттеріне жолданатын болады, – ҚР ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Жармағамбетов.

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру аясында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері “Kaz Eco Patrol” қоғамдық бірлестігінің елордалық филиалының басшысымен бірлесіп, “River Park” коттедждер қалашығында Есіл өзені маңына сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталды.

– Аталған факті Аршалы аудандық ПБ-де тіркелді. Қажетті іс-шаралар өткізілуде. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған жағдайда материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Экология министрлігінің бөліністеріне жолданады.

Азаматтарды келешек ұрпаққа аманат ету үшін табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқыс тастамауға шақырамыз, – деді Әлішер Жармағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру