Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері БҚО тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі

Көлік полицейлері БҚО тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Орал станциясының локомотив депосы ауданында Батыс Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жеке тінту жүргізу барысында ұсталған азаматтан 20 грамнан астам мефедрон есірткі заты бар 20 зип-пакет тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азаматтан жауап алу барысында ол тез ақша табу мақсатында Telegram каналға тіркелгендігін және онда оған есірткі заттарын жасырын түрде өткізу ұсынылғандығын түсіндірді. Көлік полицейлерінің қырағылығының арқасында Орал қаласы бойынша синтетикалық есірткіні тарату арнасы тоқтатылды. Күдікті Орал қаласының полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпаратттар ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру