Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті

БҚО-да полиция қызметкерлері қорқытып ақша талап ету дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамнан ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының 31 жастағы тұрғынын ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам жеке фотосуреттерді таратамын деп қорқытып, ақпаратты жарияламау үшін 500 мың теңге талап еткен.

Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақша қаражаты мен заңға қайшы әрекеттердің дәлелі бар телефон тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру