Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да заңсыз жабдықталған көліктерді анықтау жұмысы күшейтілді

БҚО-да заңсыз жабдықталған көліктерді анықтау жұмысы күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы жүргізілген зерделеу барысында Орал қаласындағы көпір маңындағы алаңда Toyota Camry автокөлігінің жарық шамдары шамадан тыс жарқырап тұрғаны анықталды. Мұндай жарық қарсы бағыттағы жүргізушілердің көру мүмкіндігіне кері әсер етіп, жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлікті дереу тоқтатып, тексеру барысында алдыңғы фараларына зауытта белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін LED шамдары орнатылғанын анықтады.

Мұндай шамдардың жарығы қарсы бағыттағы жүргізушілердің көзін шағылыстырып, жолды анық көруіне кедергі келтіреді. Бұл жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін арттырады.

Көлік тізгінінде осы облыстың 19 жастағы тұрғыны болған. Оған түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық талаптарын сақтауға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру