Екібастұзда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті: жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды
Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған әйел аруханада жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Екібастұз қаласының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
26 қазанда Zhong Tong маршруттық автобусын басқарған жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, аялдамада көшеде тұрған әйелді соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әрі қарай жүріп кеткен.
– Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша полиция тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.