Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның екі азаматы ұсталды

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның екі азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері еш жерде тіркелмей, рұқсатсыз жұмыс істеген екі Өзбекстан азаматын ұстады.

Полиция қызметкерлері Алтай ауданында “Құқықтық тәртіп” іс-шарасын өткізу барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз аудан дүкендерінің бірінде еңбек қызметімен айналысқан ер адамдарды анықтаған.

Көші-қон кодексінің талаптарын бұзғаны үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4, 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері шетелдіктердің ҚР Көші-қон заңнамасын бұзуының 180-нен астам фактісі тіркелді. Полиция департаменті елімізде уақытша келген шетел азаматтарының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру