Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық ювеналды полиция қызметкері қызметі жайлы айтып берді

Константин Петров – Петропавлдағы ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкері. Ол қызметке 9 жыл бұрын келген. Тәжірибелі қызметкер Polisia.kz редакциясына қызметі жайлы айтып берді.

Бүгінде Константин жедел-тергеу тобының құрамында кезекшілікте тәулік ішінде кәмелетке толмағандармен байланысты кез келген факті бойынша оқиға орнына шығады. Ювеналды полицейлер де патрульдеуге қатысады, су тасқыны кезінде басқа қызметтермен қатар су басу аймағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Әдеттегі күн жиналыстан басталады. Бөлімше бастығы қызметкерлер үшін өтініштерге жедел ден қою, атаулы тексерулер, оқушылармен профилактикалық жұмыс сияқты негізгі міндеттерді айқындап береді.

Петров өз учаскесінде үш оқу орнының педагогтарымен өзара іс-қимыл жасайды. Мұғалімдер оны сыныптарға шақырады – Константинің дәрісінде балалар мұқият, сұрақтар қояды. Өзекті тақырыптардың ішінде – алкоголь мен есірткінің зияны, “жасырушылар жұмысының” құқықтық салдары, ал көктем басталғанда – электр самокаттарын пайдалану ережелері бар. Сонымен қатар, ювеналды полиция қызметкері құқық бұзушылыққа жол берген оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін профилактика жөніндегі кеңестердің тұрақты қатысушысы.

Сондай-ақ Константин жасөспірімдермен кітапханаларда кездеседі, кинологиялық қызмет орталығына, ДП мұражайына және басқа да полиция нысандарына экскурсиялар ұйымдастырады, түнгі рейдтерге қатысады. Тағы бір маңызды міндет – тұрмысы нашар отбасыларды тексеру.

– Менің учаскемде жыл басында олардың саны бесеу болатын. Екеуінің де заңды өкілдері ата-ана құқығынан айырылды. Олардың әрқайсысына жағдайды түзету мүмкіндігі берілгендігіне қарамастан, осындай рәсімді тағы екі отбасы күтіп отыр. Ата-ана құқығынан айыру баланың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда, барлық инстанцияның отбасын құтқару әрекеттерінің алдындағы соңғы шара. Проблемалардың басты себебі – алкоголь, өкінішке қарай, кейбір адамдар үшін ол ата-ана борышынан да маңызды. Алкогольге деген құштарлықты жеңіп, жұмыс тауып, ең бастысы, жасөспірім қызының сенімін қалпына келтірген 44 жастағы қала тұрғыны қуантады. Әжесінде тұрған қыз анасына қайтып оралды, енді ол отбасының түзелуіне байланысты есептен шығарылатынына байланысты. Тап осындай жағдайлар таңдаған кәсіпке деген мақтаныш сезімін тудырады, – дейді Петров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру