Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны екі бірдей полиция қызметкеріне алғысын білдірді

Елорда тұрғыны екі бірдей полиция қызметкеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторының ең маңызды міндеттерінің бірі өзіне бектілген әкімшілік аумақта қоғамдық тәртіпті сақтап, тұрғындармен кездесіп, өтініштерін қарап, азаматтардың арыздары бойынша жедел әрекет жасау. Осындай тынымсыз жұмыстың маңыздылығы мен жауаптылығын түсінген көптеген астаналық тұрғындар учаскелік сақшылардың көрсеткен қызметіне өз ризашылықтарын білдіріп, департамент басшылығының атына алғыстарын жолдайды.

Мәселен елорда тұрғыны екі бірдей полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Олар – Байқоңыр ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы Н. Файзиев және Нұра ауданы ПД ЖПҚБ учаскелік инспекторы Ә. Тынбаев.

Алғыс білдірген тұрғын аталған қызметкерлердің түскен хабарлама бойынша өте жедел әрекет жасағандарын айтып, рахметін жеткізген.

– Полицияның имиджін арттырып, қызметін тиісті деңгейде жауапкершілікпен атқаратын қызметкерлеріңіз көп болсын. Халықтың тыныштығын күзетуде аянбай қызмет атқарып жүрген Нүркен мен Әділдің және барша сақшылардың қызметіне сәттілік тілеп, алғысымды айтамын, – деп хатын түйіндепті қала тұрғыны Раушан Арынқызы.

Астана қаласы ПД белсенділік танытып, тәртіп сақшыларына қолдау білдірген азаматтарға да өз алғысын айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру