Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көші-қонды бақылау күшейтілді

Алматы полициясы көші-қонды бақылау күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қонды бақылауды күшейту – заңсыз көші-қон саласындағы жағдайды айтарлықтай тұрақтандырды. Естеріңізге сала кетейік, “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды іс-шарасына байланысты Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

– Әуезов ауданында көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның үш азаматы анықталды. Олардың құжаттары да болмаған. Құқық бұзушылар жеке басы анықталғанша, полиция департаментінің қабылдап-таратуына орналастырылады, – деді, Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Бутунчинов іс-шара барысында қалада заңсыз тұрып жатқан шетелдік азаматтардың шоғырланған жерлері, атап айтқанда, қонақүйлер, жалдамалы пәтерлер, жатақханалар мен құрылыс алаңдары тексерілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру