Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің ІІО ардагерлері Қостанай облысы ПД-да кездесу өткізді

Еліміздің ІІО ардагерлері Қостанай облысы ПД-да кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қазанда қазақстандық ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымының төрағасы Өмірзақ Болсамбеков мұражайға барып, Қостанай облысы полиция департаментінде бірқатар кездесулер өткізді.

Мұражайға экскурсиядан кейін Өмірзақ Болсамбеков кадр жұмысы басқармасының бастығы Берік Ержановтың қатысуымен семинар өткізді. Сондай-ақ кездесуге ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бисұлу Мұқажанова және Қостанай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Николай Волочай шақырылды.

Өмірзақ Қоспанұлы өз сөзінде ішкі істер органдарының ардагерлері өскелең ұрпақты рухани-патриоттыққа тәрбиелеуге үлес қосып, қоғамдық өмірге белсене араласып келе жатқанын ерекше атап өтті. Олардың кәсіби ортада беделі жоғары, олардың бай қызмет тәжірибесі тек кадрларды даярлауда ғана емес, қылмысты ашуда және құқық тәртібін нығайтуда да сұранысқа ие екенін айтты.

Айта кетейік, бұл кездесуді Қостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру