Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жалған жанармай талондарын жасаған кәмелетке толмаған азаматты анықтады

Ақмола полицейлері жалған жанармай талондарын жасаған кәмелетке толмаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 28 қазанында Көкшетау қаласының полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғынынан алаяқтық фактісі туралы арыз келіп түсті. Автокөлік жүргізушісі 9 қазанда Астана – Петропавл автожолында белгісіз ер адам алдау арқылы өзіне тиесілі 136 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденгенін хабарлады. Жәбірленушіге 600 литр Helios жанармай құю станциясының талондары сатылғаны алдын ала анықталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол 17 жастағы Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Осы фактіге қатысты полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру