Ақтөбеде өзгенің телефонын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды
Ақтөбеде өзгенің телефонын алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қарашада ер адам Ақтөбе қаласы Ж.Кереев көшесінде қоңырау шалу сылтауымен 37 жастағы жәбірленушіден ОРРО телефонын алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.
Келтірілген шығын 90 мың теңгеден асты.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ізін суытпай 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол телефонды ломбардқа тапсырып, ішімдік алғысы келген.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.