Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері балаларды қылмыстан қорғау мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып жатыр

СҚО полицейлері балаларды қылмыстан қорғау мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың тәртібінің, киім-киісінің, күнделікті және тағы басқа да әдеттерінің күрт өзгеруі ата-аналарын алаңдатады. Мұндай белгілер кәмелетке толмағандардың есірткі, жыныстық қысым көрсетуге оқталу, буллинг, қорқытып алу және басқа қылмыс сияқты белгілі бір проблемалардың туындағанын аңғартады.

Осы және басқа да тақырыптар туралы полицейлер мектеп жиналыстарына қатысып, ата-аналар мен оқушылар арасында айтады. Ақпараттық жұмыс 26 қазанда басталған “Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. Оған ювеналдық және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Бұндағы мақсат – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғалуын нығайту, криминалдық әрекеттермен айналысуына жол бермеу.

Бірінші тоқсанның соңында өтетін ата-аналар жиналысы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы ересектерге айту үшін тиімді алаңға айналды. Полицейлердің айтуынша, қауіпті бірінші болып ата-аналар байқайды, бірден проблеманы анықтай алады. Олар мамандардың көмегіне неғұрлым тезірек жүгінсе, жағдайды түзету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

– Мектеп демалысы кезіндегі ақпараттық жұмыстар колледждердің оқушыларына бағытталған. Полиция қызметкерлері жастардың құқықтық сауаттылығын арттырады, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қарастырылған жауапкершілік жайлы айтады. Бүгінгі таңда олардың есірткі саудасына еріп кетуіне қауіп зор. Оңай ақшаға кенелемін деген жастар болашақтарына балта шабады. Ақпараттық кеңістіктегі әр ақпаратты мұқият тексеріп алған жөн. Өйткені жасөспірімдер экстремизмге немесе суицидидке итермелейтін топтардың құрамына кіріп кетуі де мүмкін. Біз жасөспірімдерді, жастарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, ал ата-аналардан балаларының бос уақытын, виртуалдық әлемін де қадағалап отыруды сұраймыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ полицейлер интернет-алаяқтықтың кең таралған схемаларын да еске салды. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін жеке деректерді ешкімге бермеген абзал. Буллингке, қорқытып алуға және тағы басқа қылмыстарға ұшырамас үшін күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу қажет.

Айдын Байматовтың айтуынша, балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы криминогендік жағдайды бірқалыпты ұстау – полиция жұмысы тиімділігінің ішкі істер министрі бекіткен негізгі индикаторы. Жыл басынан СҚО-да кәмелетке толмағандар тарапынан – 23, ал оларға қатысты 28 қылмыс жасалған. Күшейтілген профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілмек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру