Алматыда жас полицейлер ант қабылдады
Республикасы күні қарсаңында Алматы қаласы полиция департаментінде жас қызметкерлердің ант қабылдау және қызметте үздік нәтиже көрсеткен полицейлер мен ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшылығының, полиция ардагерлері мен жақындарының қатысуымен жас қызметкерлер Қазақстан халқына адал қызмет етуге, заңды сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ант берді.
Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов жас қызметкерлерді құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
– Ант қабылдау – мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілікті саналы түрде мойнына алу. Полиция қызметі табандылықты, тәртіпті, батылдықты және заңға адалдықты талап етеді. Жас қызметкерлер артылған сенімді ақтап, азаматтардың құқықтарын қорғау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында өз міндеттерін абыроймен атқарады деп сенемін, – деді Айдын Кабдулдинов.
Салтанатты рәсім барысында қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген полицейлер мен ішкі істер органдарының дамуына үлес қосқан ардагерлер марапатталды.
Іс-шараға жас қызметкерлердің ата-аналары мен қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да қатысты.
Салтанатты рәсім әр буынның сабақтастығын, антқа адалдықты және қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті айқындады.
