Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының студенттері ПД мұражайына және әскери бөлімге экскурсия жасады

Ақмола облысының студенттері ПД мұражайына және әскери бөлімге экскурсия жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшелері қаланың жалпы білім беретін мекемелерінің оқушыларына дәріс ұйымдастырды. Ж. Мусин атындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің, қаланың құрылыс-техникалық колледжінің, “Арна” жоғары колледжінің, № 17 және № 18 жалпы білім беретін мектептердің студенттеріне экскурсиялар өткізді.

Оқушылар мен студенттер ведомство мұражайында болып, өңірдегі полиция қызметінің тарихымен танысты. Балалар тарихи құжаттарды, трофейлік қаруларды, ордендерді, медальдарды, марапаттау парақтарын, кительдерді және ҰОС қатысушылары мен ІІО ардагерлерінің жеке қорларын көрді.

Сонымен қатар ведомство қонақтары ҚР ІІМ 5510 ҰГ әскери бөліміне барып, жастарға әскери техниканы, атыс қаруының үлгілерін, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданылатын арнайы құралдарды көрсетті. Экскурсия соңында балалар құқық қорғау органдарының тарихы туралы бейнефильмдерді тамашалады.

Бүгінгі таңда Ақмола полицейлері ІІО-да есепте тұрған 366 кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 955 балаға профилактикалық бақылау жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру