Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда учаскелік полицейлер жыл басынан бері 17 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Атырауда учаскелік полицейлер жыл басынан бері 17 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Атырау облысындағы учаскелік полиция инспекторлары 16939 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде қару сақтау ережесін бұзған – 338, отбасы тұрмыстық саласындағы құқық бұзған – 1680, 1 есірткі затын, 64 – мүліктік қылмыстар, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша – 85, ҚР ӘҚБтК 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша – 27, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша 28 деректі анықтаған.

“Жұртқа жақын полицей” қағидаты бойынша учаскелік полиция инспекторлары қызметінің негізгі саласы нақты азаматтарға құқық қорғау қызметін көрсетумен байланысты болғандықтан азаматтармен тікелей кері байланыс орнатуға мүдделі. Осы ретте, жыл басынан бері учаскелік инспекторлар халық алдында 698 жиын өткізген. Бұдан бөлек кері байланыс құралы ретінде танымал мессенджерлер пайдаланылып, әлеуметтік желіде парақшалар ашылған.

Бүгінде облыстағы учаскелік полиция инспекторлары үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Атырау облысы аумағында 96 учаскелік полиция пункттері халық үшін қызмет атқарады, оның ішінде барлық учаскелік инспекторлар 141 қызметтік көлік, бейнежетондар және электрондық планшеттермен жабдықталған. Өз кезегінде, учаскелік пунктеррдің тұрғын үйлермен жақын салынуы оң нәтиже беріп жатыр. Қажет кезде, тұрғындармен кездесіп, халықтың арыз-шағымына дер кезінде көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, ІІМ халыққа жақынырақ болу үшін “Сіздің учаскелік полицей!” атты республикалық акциясын бастады. Акция үш кезеңде өткізіледі.

Акция мақсаты – әрбір тұрғынға жету және белгілі бір аумақта құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру