Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 5 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген борышкерлердің көлігі арнайы тұраққа қойылды

Атырауда 5 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген борышкерлердің көлігі арнайы тұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау мақсатында Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызмет бөлімінің іздестіру тобы жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізді.

Осы ретте, атыраулық полицейлер айыппұлдарын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізушілерді анықтады.

Мәселен рейд барысында Volkswagen Polo автокөлігі тоқтатылып, жүргізушінің 3 209 394 млн теңге көлемінде, Lada 21903 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында көлік иесінің 1 792 167 миллион теңге көлемінде төленбеген айыппұлдары бар екені анықталып, арнаулы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру