Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы қоқыс полигонында 7 мигрант заңсыз жұмыс істеп жүрген

Петропавлдағы қоқыс полигонында 7 мигрант заңсыз жұмыс істеп жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон жағдайын бақылау – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер көші-қон заңнамасы бұзушылықтарының жолын кесуге бағытталған “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. Көші-қон қызметінің қызметкерлерінен бөлек, аталмыш іс-шараға учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, жедел уәкілдер жұмылдырылған. Сауда базарлары, құрылыс алаңдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен шетелдіктердің заңсыз еңбек күші пайдаланылатын басқа да орындар тексеріліп жатыр.

Петропавл маңындағы полигонда қатты қоқыс қалдықтарын қайта пайдалану үшін бөлумен айналысып жүрген еш рұқсат құжаттары жоқ Тәжікстан елінің 7 азаматы анықталды. Олардың айтуынша, рұқсат құжаттарын кейін ресімдеуді жоспарлаған. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді. Заң бұзушылар айыппұл төлеуі мүмкін.

– Заңды түрде жұмыс істеу үшін жергілікті атқарушы органның еңбекпен айналысуға рұқсат беретін құжаттарын уақытылы ресімдеу қажет. Сондай-ақ шетелдіктердің еңбек күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материал жиналуда, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының шетелдіктердің тарапынан болған 23 бұзушылығын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру