Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ашық есік күнін өткізді

Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерінің ұйымдастыруымен аудандық полиция бөлімінің №1 учаскелік полиция бекетінде ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл жыл басында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және құқық бұзушылықтың алдын алу аясында жәбірленушілердің құқықтарын қорғау, күшейтілген профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылған болатын.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау. Мұнан бөлек азаматтардың арасында ақпараттық білім беріп, өз құқықтарын түсіндіру бойынша қыз-келіншектерді  қабылдап, оларға консультативтік кеңес беру.

Шараға  Қармақша ауданы прокуратурасының прокуроры Н. Шаймахан, “Жастар денсаулық орталығының” психологі Ә. Кетебаева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Б. Науанов, “Отбасын қолдау орталығының” директоры Н. Балтабай, “Отбасын қолдау орталығының” психологі Т.Тұрашова және “Отбасын қолдау орталығының” маманы С. Маденовтар қатысты.

Мамандар келушілерге “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы” ҚР Заңы бар екендігін және заң бойынша әрқашан өз құқықтарын қорғай алатындықтарын түсіндірді.

– Отбасындағы екі жұп та тең құқылы және бірдей жауапкершілікке ие. Егер де сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе сондай қауіп басыңызға төніп тұрса, жергілікті полиция бөліміне немесе аумақтағы учаскелік полиция инспекторына хабарласып, көмегіне жүгіне аласыздар, – дейді мамандар.

Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: “102” арнасы, 8-705-208-14-68.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру