Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының тұрғыны велосипедін тауып берген полицейлерге алғыс айтты

Қызылорда облысында полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында тұрғынның жоғалған мүлкі қысқа мерзімде табылып, иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төретам кентінің тұрғыны белгісіз жағдайда жоғалған велосипедін іздеу бойынша полицияға жүгінген. Өтінішті қабылдағаннан кейін әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары — Нұрлан Жақыпов пен Әліқан Жұбатханұлы жедел іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде велосипед қысқа уақыт ішінде табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Облыс тұрғыны тәртіп сақшыларының кәсібилігі мен жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, олардың адал қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, халықтың сенімі — құқық қорғау органдары қызметінің басты көрсеткіші. Мұндай оң нәтижелер полиция мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайта түседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру