Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ мен Яндекс Go есірткі қылмысына қарсы күресте күш біріктіреді

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында цифрлық платформалармен ынтымақтастықты кеңейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада ІІМ мен Яндекс Go есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға және азаматтардың қылмыстық әрекеттерге тартылуына жол бермеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім аясында цифрлық платформаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жүргізушілерге, курьерлерге және сервис пайдаланушыларына есірткіні таратқаны, оның ішінде тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ақпарат беріледі.

Осы мақсатта қосымша ішінде push-хабарламалар, профилактикалық бейнероликтер мен ақпараттық материалдар орналастырылады.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы күресте мемлекет, бизнес және қоғамның күшін біріктіру жұмыстарын жалғастыруда. Басты басымдықтардың бірі – жастарды есірткі бизнесінен қорғау және қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеуді қалыптастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру