Ақтауда қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастаған төрт азамат жауапқа тартылды
Ақтауда қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастаған төрт азамат жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтау қаласында қоғамдық орындарға темекі тұқылын тастаған төрт азамат бейнебақылау камералары арқылы анықталды.
Атап айтқанда, 46 жастағы Азамат Есенов пен 49 жастағы Владимир Побойнев қоғамдық орында темекі қалдықтарын жерге тастаған. Сонымен қатар 21 жастағы Нұржан Мұғаллимов пен 39 жастағы Нұрғали Аткельтеров те осындай құқық бұзушылыққа жол берген.
Аталған азаматтардың барлығы қоғамдық орындарды ластап, белгіленбеген жерге темекі қалдықтарын тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен төрт құқық бұзушының әрқайсысына 30 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қоғамдық тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет. Полиция азаматтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіп пен тазалық талаптарын сақтауға шақырады.
