Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер ТЖД мамандарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Абай облысында полиция қызметкерлері ТЖД мамандарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында полиция қызметкерлерінің қатысуымен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арналған профилактикалық кездесу өтті.

Кездесуге 200-ге жуық қызметкер қатысып, бірнеше бағыт бойынша құқықтық ақпарат алды. Атап айтқанда, нашақорлықтың алдын алу, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік талаптары, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері аталған мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына тоқталып, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін ұстану мәселелері талқыланды.

Мұндай профилактикалық кездесулер түрлі сала қызметкерлерін құқықтық ақпараттандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру