Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада қызмет бабында қаза тапқан полицейдің атына ерлік сыныбы ашылды

Астанада қызмет бабында қаза тапқан полицейдің атына ерлік сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласындағы №69 мектеп-гимназиясында қызмет бабында қаза тапқан Әбдіғаппар Ділманов атына ерлік сыныбы салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатына Нұра аудандық полиция басқармасының бастығы Қайрат Мәдиев пен марқұм қызметкердің ағасы, ішкі істер органдарының құрметті зейнеткері Бексұлтан Кәденұлы қатысты.

– Қызметте ерлікпен қаза тапқан жолдастардың есімі полицияның жүрегінде мәңгі сақталады. Бейбіт уақытта олар антына соңына дейін адал болып, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жанын қиды, – деді Қайрат Мәдиев.

Әбдіғаппар Ділманов 1977 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Ішкі істер органдарында қызметін 2000 жылы Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қарасты “Күзет” қызметінде инспектор болып бастаған. Сол жылдың сәуір айында ол Астана қаласы Алматы ауданы ПБ полиция бөлімінің №20 әкімшілік полиция бөлімі инспекторы қызметіне тағайындалған. 2001 жылы 14 мамырда мал ұрлығын ашу кезінде қызмет барысында қаза болған. Марқұм болған қызметкердің есімін мәңгі қалдыру үшін Алматы ауданында мемориалдық тақта ашылып, елорда көшелерінің біріне оның есімі берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру