Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері СҚО полицейлері 2,3 келіден астам «синтетиканы» тәркіледі

Жыл басынан бері СҚО полицейлері 2,3 келіден астам «синтетиканы» тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі сату – бұл қатаң жауапкершілікті көздейтін аса ауыр қылмыс. Мысалы, қазіргі уақытта 25 жастағы петропавлдық жазасын өтеп жатыр, ол қаңтар айында Hyundai Accent автокөлігін басқару кезінде ұсталды. Тінту кезінде полицейлер көліктен α-PvP сатуға дайындалған 9 полимерлі ораманы және мефедроны бар 20 ораманы тәркіледі. Ұсталғандар көрсеткен «бетбелгілерде» тағы 21 байлам табылды.

Кейінірек, сотта ұсталған адам кездейсоқ есірткінің үлкен пакетін тауып алдым деп сендірді және одан құтылуға бел буып, қозғалу кезінде бір-бірден орамаларды тастай бастағандығын айтты. Айласы іске аспады: полицейлер сотқа жас жігіттің есірткі сатуға қатысы бар екендігі туралы жеткілікті дәлелдерді келтірді.

– Күзде үкім заңды күшіне енді, оған сәйкес қала тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл аса ірі мөлшерде өткізгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша көзделген ең аз жаза. Жыл басынан бері облыста 92 өткізу фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 2,3 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру