Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік тұрғын полицейге балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылады

Семейлік тұрғын полицейге балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат 02:00 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына түскен полицейлерге облыс орталығында көңіл көтеру орындарының бірінде мас күйдегі қыздың өзін агрессивті ұстайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

30 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерінің ескертуін елемеді, сонымен қоса балағат сөздер айтты.

Патрульдік полиция батальонының көмекке келген экипажын да жас қыз байыпты қабылдамады. Полицейлер арнайы құралдарды қолданып, тұрғынды арнайы көлікке отырғызып, медициналық тексеруден өту үшін оны медициналық мекемеге жеткізді.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша, Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны “орта дәрежелі” мас күйінде болған.

Қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі полицейлерді қорлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 378-бабымен (Билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру