Семейде тәртіп сақшылары банк өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды
Семейде тәртіп сақшылары банк өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға қала прокуроры Саид Аймұхан, Ұлттық банктің облыс бойынша филиалының директоры Алтынай Абдрахманова, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің облыстық департаментінің басқарма басшысы Ілияс Мұсабеков, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімдерінің және банк секторының басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы Семей қаласының полиция бастығы Қайрат Әбдіғалиев болды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар интернеттегі алаяқтыққа қатысты қылмыстық істерді тергеудегі туындайтын мәселелерді талқылады.
Қорытындылай келе, әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша келісімге қол жеткізіліп, қатысушыларға ынтымақтастық туралы меморандум жобасын әзірлеп, тез арада қол қою ұсынылды.