Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғыны маскүнемдікке салынған ұлының түзелуіне көмектескен учаскелік полицейге алғысын білдірді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Новоишимское аудан орталығының тұрғыны полиция хабарласып, учаскелік полиция инспекторы Руслан Қоянбаевқа алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдің айтуынша, екі жұмадан астам уақыт еш жерде жұмыс істемеген ұлы бірнеше жыл бойы алкогольді шамадан тыс қолданып, анасын күн көрсетпей келген. Алкоголизмнен бірнеше рет емделген, алайда одан еш нәтиже шықпаған. Полиция қызметкері Қоянбаев отбасылық жан-жалдар мен қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауапкершілікке тартумен шектелмей, ер адаммен тілдесіп алкогольден бас тартуға көндіріп келген. Нәтижесінде ауыл тұрғыны бар күш жігерін жинап, өз еркімен шешім қабылдады. Қазіргі таңда ол екі айдан бері алкогольді ішімдіктерді ішпей, жұмыс істей бастады. Баласының түзеле бастағаның байқаған зейнеткер ана учаскелік полиция қызметкеріне алғыс айтуға бекінген.

– Маскүнемдерді, құқық бұзушыларды, қылмыскерлерді қарау бойынша ауыр жұмыс атқаратын барлық учаскелік полиция қызметкерлерін және де әрине біздің учаскелік инспекторға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бақытымызға орай, Руслан ерекше көндіргіштік қасиетіне ие, оның бар болуы, қызметі кез келген құқық бұзушылықтың болмауына кепілдік береді. Бізде осындай учаскелік инспектор барына бәріміз өте қуаныштымыз, – деп ауыл тұрғыны телефон арқылы өз алғысын айтты.

Новоишим ауылдық округінің халқы 4780 адамды құрайды. Руслан Қоянбаев бұл аумақта 2021 жылдың қараша айынан бастап қызмет етіп келеді. Ал учаскелік полиция инспекторы лауазымында 2019 жылдан бастап істеп жүр. Жергілікті тұрғындардың арасында құрметке ие. Жұмыс барысында халықпен тығыз қарым-қатынас орнату қағидатын ұстанады.

– Тек сенімді қарым-қатынас арқылы ғана қылмыстың алдын алуға және халықтың қауіпсіздігін нығайтуға қол жеткізуге болады, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру