Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік осал топ өкілдеріне құқықтық кеңес өткізді

Атырау облысы ПД қызметкерлері әлеуметтік осал топ өкілдеріне құқықтық кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік осал топ өкілдеріне арналған “Анаға қолдау” жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде әйелдерге психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың және балаларының құқықтары туралы ақпарат беріліп, көмек көрсетіледі.

Осы ретте, “Аналарға қолдау” жобасы шеңберінде 10 қараша күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасында ер азаматтардың есірткі затын тұтынып, кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдермен кездесу өткізіп, құқықтық кеңес берді.

Кездесу барысында есірткіге байланысты қылмыстың қатаң жауапкершілігін ескертіп, ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауға және мінез-құлқын бақылауға кеңес берді.

– Есірткіге қарсы іс-қимыл мақсаты – қоғамның салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау, болашаққа нашақорлықсыз бағыт таңдауды жастар арасында кеңінен тарату. Ата-ана балаларының болашағына үлкен әсер етеді, бұл оларға бақытты өсуге және өмірдің қиын жағдайларын жеңуге көмектеседі. Тіпті өте қиын жағдайларда да балалар мен ата-аналар арасындағы берік байланыс қауіпті емес мінез-құлықтарға жол бермейді, – дейді Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марьяна Джангалиева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру