Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен осы жылдың 10 айында 9568 қару иелерiнiң аңшы қаруын сақтау заңдылығы тексерiлiп, азаматтық қаруды сақтау, пайдалану және тасымалдау ережелерiн бұзу дерегімен барлығы 348 құқық бұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан 122 дана қару тәркіленді.

Одан бөлек, облыс көлемінде азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласы бойынша “Е-лицензиялау” электрондық жүйесі арқылы 4630 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 122 қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру