Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда спорттық дүкеннен киім ұрлаған 3 күдікті қолға түсті

Түркістанда спорттық дүкеннен киім ұрлаған 3 күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігітті қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру