Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция рейдтік-профилактикалық жұмыстарды күшейтті

Түркістан облысында полиция рейдтік-профилактикалық жұмыстарды күшейтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен табиғатқа зиян келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Апта қорытындысы бойынша Кентау қаласының аумағында жүргізілген рейдтер нәтижесінде белгіленбеген орындарға тасталған жалпы көлемі 20 тонна қоқыс анықталды. Әрбір дерек бойынша құқық бұзушыларды анықтау мен заң аясында тиісті шаралар қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен полицейлер Момышұлы көшесі бойында белгіленбеген жерге күл-қоқыс төккен азаматты анықтады. Құқық бұзушыға төгілген күлді тазалатып, әкімшілік шара көрді.

Жалпы жыл басынан бері Кентау қаласында осы бағытта 487 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, заң аясында тиісті шаралар қабылданған.

Полиция қызметкерлері мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылау мен профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру