Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция жастармен есірткі қылмысының алдын алу мәселелерін талқылады

Жетісу облысында полиция жастармен есірткі қылмысының алдын алу мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында “Legal Talk: ашық микрофон” форматында кездесу өтті.

Іс-шараға Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы, облыстық әкімдік өкілдері, жастар мен волонтерлер қатысты.

Кездесу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес, жастарды есірткі қылмысына тартудың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция өкілдері есірткі қылмысының қоғамға, әсіресе жас ұрпақтың болашағына тигізетін зияны туралы түсіндіріп, жастарды заң талаптарын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырды.

Ашық микрофон форматында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Сондай-ақ қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара соңында қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген жастар мен волонтерлерге Алғыс хаттар табысталды.

Полиция жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, есірткі қылмысының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру