Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылды

Талдықорғанда мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері таңғы уақытта алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Жыл басынан бері Жетісу облысының аумағында масаң күйде көлік басқарудың 358 дерегі анықталды. Құқық бұзушылар көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының полициясы “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында мас жүргізушілерді анықтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру