Жетісу облысында полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті
Жетісу облысында полицейлер түнгі уақытта жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушіге көмек көрсетті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға сағат 23:00 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 515-шақырымында болған. Өскемен қаласына қарай бағыт алған автокөліктің жанармайы таусылып, жүргізуші жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болған.
Көмекке патрульдік полиция батальонының инспекторлары – Ринат Рахымбеков пен Айбат Черниязов келді.
Полицейлер алдымен автокөлікті қауіпсіз жерге жылжытуға көмектесіп, кейін жақын маңдағы жанармай құю бекетінен бензин жеткізіп берген.
Уақытылы көрсетілген көмектің арқасында жүргізуші сапарын жалғастыруға мүмкіндік алды.
