Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда спорт дүкенінен киім ұрлаған үш күдікті ұсталды

Түркістанда спорт дүкенінен киім ұрлаған үш күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігітті қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған. 

Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен. 

Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру