Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 1,5 мыңға жуық азамат жауапқа тартылды

Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 1,5 мыңға жуық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​​Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

​Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 1486 тұрғынды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. ​

​Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-бабының 2 бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

​Өз кезегінде, Қызылордалық полицейлер жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару айыппұл салуға әкеп соғады. Қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін әрекетке жол беруге болмайтынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру