Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 7 жыл бойы балаларына алимент төлемеген ер адам ұсталды

Алматы қаласының полицейлері жеті жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы көші-қон қызметі полицейлері жеті жыл бойы балаларына алимент төлеу туралы сот шешімін елемеген ер адамды құрықтады.

– Балаларына алимент бойынша қарыз сомасы бүгінгі күнге дейін 6 миллион теңгеден асты. Біздің бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстады және өз құзыретіне сәйкес, қарыз сомасын өндіру туралы сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушысына берілді, – дейді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру