Қостанай облысының оқушыларына полицейде жұмыс істеудің артықшылықтары айтылды
Қостанай облысының оқушыларына полицейде жұмыс істеудің артықшылықтары айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасының қызметкерлері оқушылармен кездесу өткізіп, онда полициядағы қызметтің артықшылықтары және ведомстволық оқу орындарына түсу тетіктері туралы айтылды.
Қостанай облысы ПД кадр саясаты басқармасының бастығы Берік Ержановтың айтуынша, мұндай шара Рудный қаласында ұйымдастырылды. Қалалық мектептердің 10-11 сынып оқушылары үшін көрме өткізілді. Онда тәртіп сақшыларының оқ-дәрілері көрсетіліп, кәсіби қызметке арналған арнайы жабдықтар ұсынылды.
Арнайы қорғаныс құралдары – полиция қалқандары, полицияның қару-жарақ құралдары, дулыға мен кісендер оқушылардың назарын аударды.
Оқушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар көптеген адамдарға мамандық таңдауға көмектеседі, әсіресе бұл адамдарға көмектесу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау секілді миссиямен байланысты.
Полиция қызметкерлері кәсіптік бағдар беру сабақтары мектеп түлектеріне бейінді жоғары оқу орындарына түсуге алдын ала дайындалуға көмектесетінін атап өтті.
Кездесулер барысында полицейлер болашақ түлектерге ҚР ІІМ жүйесінің білім беру ұйымдарына түсу тәртібі, оқу процесінің ерекшеліктері және ІІО қызметкерлерінің қызметінің түрлі бағыттары туралы айтып береді. Мұндай кездесулер бүкіл облыс бойынша өткізіледі.
Биыл Қостанай облысы ПД қызметіне 229 жас қызметкер қабылданды, оның ішінде 114-і ҚР ІІМ жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін басшы құрам лауазымына қабылданды.