Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін”: Ақтауда тұрғындардың 7,7 млн теңгесін жымқырған күдікті құрықталды

Ақтауда “Шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп тұрғындарды алдап, 7,7 млн теңгесін жымқырған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасына бес тұрғыннан арыз келіп түсті. Олардың айтуынша, Е. есімді азамат олардың шетелдік автокөліктерін заңдастырып беремін деп сенімдеріне кіріп, ақшаларын алып, берген уәдесінде тұрмаған.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын – 7,7 млн теңге. Полиция қызметкерлері 27 жастағы тұлғаны анықтап, ұстады.

Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру